
Мысыр Алжирмен ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында шикі мұнай жеткізу туралы өзара түсіністік меморандумын жасасты. Бұл туралы Мысыр Мұнай және минералдық ресурстар министрлігі хабарлады, деп жазады АА.
Құжат Мысыр мен Алжирдің ұлттық мұнай-газ компаниясы Sonatrach арасында рәсімделді. Қол қою рәсіміне Мысыр мұнай және минералдық ресурстар министрі Карим Бадави және Алжирдің энергетика және тау-кен өнеркәсібі министрі Мұхаммед Аркаб қатысты.
Келісім аясында Мысыр Алжирден шикі мұнай импорттап, ішкі нарықтағы сұранысты өтеуді көздейді.
Алжир тарапы келісімнің мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу және маркетинг бойынша келіссөздер аясында жасалғанын атап өтті.
Энергетикалық дағдарыс жағдайында, АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы қақтығысы салдарынан, Мысыр билігі жанармай импортының көздерін әртараптандырып, бірқатар елдерден сатып алуды күшейте бастады.
В Атырау -10