
Халықаралық іздеуде жүрген Азамат Қапенов Қазақстандағы қылмыстық іске қатысты мәлімдеме жасады. «ҚазТемірТранс» компаниясының бұрынғы вице-президенті және Карим Масимовтың экс‑күйеу баласы Instagram парақшасында видеоүндеу жариялады.
Өз сөзінде ол Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) айыптауларын «ҚМА тарапынан жасалған рейдерліктің айқын мысалы» деп атады.
Қапеновтың айтуынша, қылмыстық іс алғаш рет 2015 жылы қозғалып, 2016 жылы тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған. Ол істің бастапқыда «ҚазТемірТранс» қызметкерлеріне қатысты болғанын, өзіне бағытталмағанын мәлімдеді.

Оның сөзінше, сол кезеңде Антикор қызметкерлері компания қызметкерлеріне қысым көрсетіп, істі татуласу арқылы жабуға көндірген. Қапенов «ешқандай залал анықталмағанын» айтып, өз уәжін құжат үзіндісімен растауға тырысты.
Бұған дейін ҚМА Қапеновты қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және қаражат жымқыруға қатысы бар деп күдікке ілінгенін хабарлаған. Тергеу нұсқасы бойынша, ол аффилиирленген компанияларға жүк вагондарын пайдалану бойынша заңсыз артықшылықтар берген, соның салдарынан «ҚазТемірТранс» 5,2 млрд теңгеден астам шығынға ұшыраған.
Қазіргі уақытта Азамат Қапенов халықаралық іздеуде. Сот оның қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялаған.
В Атырау -10