
Швейцарияның Swiss авиакомпаниясына тиесілі Airbus A350 ұшағы Қазақстан үстінен ұшып бара жатқанда төтенше жағдай туралы сигнал берді. Бұл туралы Tages-Anzeiger басылымына сілтеме жасап Zakon.kz хабарлайды.
Әуе кемесі 6 мамыр күні таңертең Сеулден Цюрихке бағыт алған. Шамамен 11 600 метр биіктікте экипаж борттан дабыл жіберген. Бұл ақпаратты Flightradar24 рейстерді бақылау сервисі де растайды.
Төтенше жағдай жарияланғаннан кейін ұшақ бағытын өзгертіп, Алматыға қарай бет алған. БАҚ мәліметінше, борт Алматы әуежайына орталық еуропалық уақыт бойынша 9:48-де қонған. Қону сәтінен кейін ұшақ ұшу-қону жолағынан арнайы тұрақ аймағына жеткізілген.
Төтенше жағдайдың нақты себебі әзірге хабарланған жоқ.
В Атырау -10