
ТЖМ құтқарушылары өрттің таралуына жол бермей, 35 адамды эвакуациялады
Ахмедияров көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жедел әрекет етіп, жалынның таралуына жол бермеді. Баспалдақ арқылы 35 адам, оның ішінде 15 бала қауіпсіз жерге шығарылды.
Өрт шағын аумақта дер кезінде сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ тұрғындарға төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласуды ескертеді.
В Атырау -10