Атырау, 6 мамыр 12:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 465.01
€ 543.55
₽ 6.15

Қазақстанда электромобильдерге арнайы нөмірлер енгізіледі

103 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қазақстанда электромобильдер үшін жаңа үлгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (МТНБ) енгізу жоспарланып жатыр. Басты айырмашылығы — фонның түсінде. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайдыTengri Auto.

ІІМ экологиялық көліктер үшін жасыл түсті фонмен ерекшеленетін арнайы нөмірлерді енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Бұл шара электромобиль иелері тап болып жүрген техникалық мәселелерді шешуге бағытталған.

«Электромобильдердің мемлекеттік нөмірінің фонын өзгерту қажет. Әлемде қалыптасқан тәжірибе бар — олар жасыл түске боялады, сондықтан бұл мәселе қарастырылып жатыр және қолдау тапты», — деді ІІМ басшысының орынбасары Санжар Әділов.

Қазіргі мәселе неде? 

Электромобильдер қозғалысын реттейтін заң күшіне енгенімен, іс жүзінде айтарлықтай қиындықтар туындады. Қолданыстағы автоматты тіркеу жүйелері, тұрақтар мен экобекеттердегі камералар көбіне электромобильді басқа көліктен техникалық тұрғыда ажырата алмайды.

Мәжіліс депутаты Арман Қалықовтың түсіндіруінше, осы себепті электрокар иелері өз жеңілдіктерін пайдалана алмай отыр. Мәселелер мына жағдайларда туындайды:

  • Ақылы тұрақтарға кіру кезінде;

  • Қуаттау станцияларында орын алу әрекеті кезінде;

  • Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар арқылы өту кезінде;

  • Жол полициясы қызметкерлерінің көлікті сәйкестендіруі кезінде.

Дәл осы себепті Мәжілістің Экология жөніндегі комитеті нөмірлер үшін бөлек фон түсін пайдалануды ұсынды. Жасыл түс автоматика мен инспекторлар үшін қарапайым әрі түсінікті визуалды маркерге айналмақ.

Қандай жеңілдіктер қарастырылған? 

2024 жылғы 18 қыркүйектен бастап Қазақстанда электромобиль иелеріне коммуналдық ақылы тұрақтарда тегін тұру құқығын беретін заң күшіне енді.

Қазіргі уақытта жеңілдік құқығын растау үшін жүргізушілер құжаттарды өзі көрсетуге тура келеді. Түрлі-түсті нөмірлерді енгізу бұл процесті автоматтандыруға және экологиялық көлік иелерінің жұмысын жеңілдетуге тиіс.

Бүгін, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.