Атырау, 6 мамыр 12:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 465.01
€ 543.55
₽ 6.15

​5 жылдың орнына 8 жыл: Кассациялық сот автосалон мен клиенттерді алдаған бөлім басшының жазасын күшейтті

95 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Таразда автосалонның сату бөлімінің басшысы болып жұмыс істеп тұрып, ірі көлемде қылмыс жасағаны үшін 25 жастағы азаматқөа қатысты сот үкімі шықты.

Тергеу мәліметі бойынша жас маман клиент әйелді құны 90 млн теңге тұратын көлігін жаңасына ауыстырып беремін деп алдаған. Оның көлігін сатып жіберіп, ақшаны өзіне жаратқан, содан кейін басшылыққа білдірмей, автосалонға тиесілі құны 83 млн теңге тұратын жаңа көлікті оған беріп жіберген.

Сотталушының айласы тек бір оқиғамен шектелмеген. Ол автосалонда сатуға қалдырылған құны 68 млн және 34 млн теңге тұратын көліктерді сатып, ақшаны иемденген. Сонымен қатар автосалонға тиесілі құны 59 млн теңге жаңа Toyota Land Cruiser көлігін төмен бағамен сатып жіберген.

Сот оны аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған және басқа біреудің мүлкін иемденіп, жымқырғаны үшін кінәлі деп тауып, жазаны ең төменгі шектен (7 жыл) төмен — 5 жыл 1 ай бас бостандығынан айыруға үкім шығарған, бұл ретте оның жас ерекшелігі және кінәсін ішінара мойындағаны ескерілген.

Прокурордың қорытындысы бойынша кассациялық сот сот актілерін өзгертіп, бас бостандығынан айыру мерзімін 8 жылға ұлғайтқан, себебі 334 миллион теңге көлемінде келтірілген залал өтелмеген.

Есіңізде болсын: дистрибьютордан көлік сатып алғанда шарттарды тексеріп, мөртаңбаларды салыстырып, ақшаның компанияның шотына түскеніне көз жеткізу қажет.

Бүгін, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.