Атырау, 6 мамыр 12:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 465.01
€ 543.55
₽ 6.15

​Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының көп бөлігін тұрғын үй алуға жұмсап жатыр

107 рет қаралды

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу белсенділігі күрт артты. 2026 жылдың сәуір айында тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған төлемдер сомасы 66,8 миллиард теңгеге жетті. Бұл наурыз айындағы көрсеткіштен бірден 33 пайызға артық, деп хабарлайды Data Hub.

Сарапшылар орындалған өтініш санының 15 пайызға өскенін атап өтті. Негізгі өсім беріп тұрған фактор — тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіндегі салымдарды толықтыру (сома бойынша 50 пайызға өсті) және тұрғын үйді сатып алу үшін түпкілікті есеп айырысу (+44 пайыз).

Қазақстандықтарды не асықтырып тұр? 

Бұл қарбалас БЖТ (біржолғы зейнетақы төлемдері) жүйесіндегі күтілетін өзгерістермен байланысты. Наурыз айында-ақ тиісті ведомстволар қаңтардағы шекті деңгейдің көтерілуі жеткіліксіз екенін мәлімдеген болатын. Ал сәуірде есептеу әдістемесін толығымен өзгерту жоспары белгілі болды, тіпті жеткіліктілік шегі мамыр айында-ақ қайта көтерілуі мүмкін деген болжам бар.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұны азаматтардың кәрілік шағындағы қаржылық тұрақтылығын ойлаумен түсіндіріп, қазіргі жинақтарды алу сценариін «тым асыра сілтелген» деп атады.

Жаңа тыйымдар күшіне енді: Кейбір бағыт бойынша өсім байқалса, басқа мақсат бойынша көрсеткіштер 10-15 пайызға төмендеген. Бұл күшіне енген жаңа шектеулермен байланысты:

  • «Отбасы банкте» қаңтар айынан бастап зейнетақы қаражатымен тек негізгі борышты ғана өтеуге болады (пайыз бен айыппұлсыз).

  • Басқа екінші деңгейлі банктерде (ЕДБ) дәл осындай ереже сәуірдің ортасынан бастап жұмыс істей бастады.

Осы ережелердің енгізілуіне байланысты өткен айда кейбір банктерде қаражатты қабылдау кезінде техникалық іркілістер орын алған.

Еске сала кетейік, жоғары көлемде жинақтарды алу үрдісі 2024 жылдың екінші жартысынан бастап байқалып отыр. Сол кезде қоғамда жинақтарды мерзімінен бұрын пайдалануды шектеу қажеттілігі туралы пікірталас қайта жанданған болатын. Бұған дейін билік қолма-қол ақшаға айналдыру және жалған құжат жасау қаупіне байланысты емделуге берілетін бірқатар төлемдерді тоқтатқан еді.

Бүгін, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.