Атырау, 30 мамыр 05:16
 дождьВ Атырау +13.8
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

Тоқаев Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасарын тағайындады

364 рет қаралды
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды. Осы құжатпен Нәлібаев бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

«Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын», — делінген Жарлықтың ресми мәтінінде.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3-курс докторанты.

Еңбек жолы:

  • 1997-1998 жж. — «Қазақойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндіру жөніндегі сарапшысы.

  • 1998-2005 жж. — жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда болды.

  • 2005-2007 жж. — Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.

  • 2007-2008 жж. — Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.

  • 2008-2013 жж. — Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі.

  • 2013-2021 жж. — Қызылорда облысы Қызылорда қаласының әкімі.

  • 2021-2022 жж. — Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.

  • 2022 жылғы 7 сәуірден бастап осы уақытқа дейін — Қызылорда облысының әкімі.


6 мамыр, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.