Атырау, 6 мамыр 11:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 465.01
€ 543.55
₽ 6.15

Есірткімен байланысты 76 шетелдік қылмыскер Қазақстанда ұсталды

Бейнежазба
59 рет қаралды
Сурет: Polisia.kz
Сурет: Polisia.kz

Биыл төрт айда есірткі қылмыстары үшін 76 шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі атқарылған жұмыстардың төрт айдағы қорытындысын жасады. Ведомствоның мәліметінше, жалпы шетелдіктердің арасында 23-і есірткі сатқаны үшін, үшеуі аса ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін және 29-ы контрабанда үшін ұсталды. 

Сондай-ақ шетелдіктердің қатысуымен есірткіні өсіру, жарнамалау және насихаттаудың жекелеген деректері анықталды.

Қазақстан қалаларындағы ірі ұстау шаралары:

  • Астанада Еуропа елдерінің бірінің 32 жастағы азаматының заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылды. Ол «көтерме сауда бойынша есірткі жасырушы» (оптовый закладчик) қызметін атқарып, жалдамалы пәтерінде 1,5 килограмм синтетикалық және каннабистік есірткі заттарын сақтаған.

  • Алматыда Шығыс Еуропаның 44 жастағы азаматы ұсталды. Одан 1,2 килограмм A-PVP синтетикалық есірткісі тәркіленді.

  • Ақтауда есірткі жасыру арқылы мефедрон сатумен айналысқан шекаралас мемлекеттің 21 жастағы азаматшасы ұсталды.

  • Қарағандыда шетелдік азамат қашықтан ұйымдастырған «синтетика» өндірісі жойылды. Ұйымдастырушының өзі шетелдік әріптестердің қолдауымен Қазақстан аумағынан тыс жерде ұсталды.

Есірткі қылмысы трансұлттық сипатқа ие. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс шетелдік әріптестермен бірлесе жүргізіліп жатыр. Ел аумағы арқылы есірткі өндірісі мен транзитін ұйымдастырудың кез келген дерегі заң аясында қатаң түрде тоқтатылады, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Бүгін, 09:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.