Атырау, 25 маусым 02:22
 дождьВ Атырау +26.3
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51

Атырауда 300-дей жас сарбаз алаңға шығып, ерлікке тағзым етті

736 рет қаралды

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр - Жеңіс күніне орай «Ерлікке тағзым – ұрпаққа аманат» атты салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ауқымды шара қаладағы Жеңіс саябағында ұйымдастырылды.  Жиынға “Сармат” мамандандырылған мектеп-лицей-интернатынан 300-ге жуық оқушы қатысты. Алаңға 5546 әскери бөлімінің оркестр сүйемелдеуімен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының туы әкелініп, 15 оқушы салтанатты түрде ант қабылдады.

Сонымен қатар әскери қойылым көрсетіліп, көркемөнерпаздар би биледі.

“Сармат” мектеп-лицейінің директоры Нұрлан Елеуовтың айтуынша, іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және тарихи ерлікке құрмет көрсету.

Салтанатты іс-шараға білім беру басқармасының өкілдері, әскери бөлім қызметкерлері, Ауған соғысының ардагерлері және қала тұрғындары қатысты.

5 мамыр, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.