19 қазанда Атырау облысында топырақты дауыл тұрды.
Шығыс бағытындағы жел облыстың барлық аумағында өршелене соқты. Атырау гидрометорталығының синоптигі Айна ҚАЗҒҰЛОВАНЫҢ айтуынша, анағұрлым ұйтқыған жел Мақат ауданында болған – секундына 23 метр. Индер ауданында оның күші 20-ға жетсе, Атырау қаласында секундына 18 метр болыпты. ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, Мақат ауданының Бәйгетөбе селосында жергілікті мектептің шатырын жұлып кеткен, зардап шегушілер жоқ.
Бүгін, 20 қазанда синоптиктер аспабы желдің күшеюін көрсетіп тұр, бірақ кешегідей күшті емес және топырақсыз: Мақатта секундына 14, Атырау қаласында - 7 метр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ