Атырау, 5 мамыр 18:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15

​Қазақстанда АЭС туралы ақпарат құпия болуы мүмкін

97 рет қаралды

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы агенттігі атом электр станцияларының құрылысына қатысты ақпараттың құпиялануы мүмкін екеніне байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов АЭС құрылысына қатысты кейбір мәліметтер мемлекеттік құпия санатына жатқызылуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Осыған байланысты Атом энергиясы агенттігінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 5 мамырда ресми түсініктеме жариялап, ведомство өз жұмысында барынша ашықтық қағидатын басшылыққа алатынын мәлімдеді.

«Атом электр станциясының құрылысына қатысты ынтымақтастықтың негізгі шарттары ашық ақпарат көздерінде жарияланады. Дегенмен жобаның технологиялық ерекшелігі мен ауқымын, сондай-ақ АЭС салудағы халықаралық тәжірибені ескере отырып, жекелеген мәселелер ақпаратты жария етпеу туралы келісімдер аясында реттелуі мүмкін. Мұндай жағдайда белгілі бір ақпараттың таралуына шектеу қойылады», – делінген агенттік хабарламасында.

Еске салайық, 2026 жылғы 21 сәуірде Қазақстанның Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев елге не үшін төрт атом электр станциясы қажет екенін түсіндірген болатын.

Бүгін, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.