Атырау, 5 мамыр 17:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15

Астана мешітінде құны 1 млн теңге тұратын ​«Moncler»​ күртешесі ұрланды

Бейнежазба
130 рет қаралды

Астананың мешітерінің бірінде қымбат брендтік күрте ұрлығы ашылды.

Полиция хабарлағандай, күдікті «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында орын алған ұрлық фактісі бойынша қолға түсті.

Тергеу барысында белгілі болғандай, белгісіз азамат мешітке келіп дәлізде ілініп тұрған әйелдер киімдерінің арасынан қара түсті «Moncler» брендінің әйелдерге арналған күртешесін жасырын түрде ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын құны 1 млн теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық орындарда жеке мүлкіне мұқият болуды ескертеді. Күдікті әрекеттер байқалған жағдайда дереу «102» нөміріне хабарласу қажет.

Бүгін, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.