
2026 жылдың 5 мамырында Атырау облысында бірден екі саябақ аймағын - Қосшағыл және Майкөмген елді мекендерін абаттандыру басталды. «KMG PetroChem» ЖШС бастамасы өңірді жүйелі көгалдандыруға, өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және елді мекендерде жайлы орта қалыптастыруға, сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдауға бағытталған.
Жобаның басталуы алғашқы үйеңкі мен шаған көшеттерін отырғызумен атап өтілді. Жалпы алғанда, 1400-ге жуық - әр ауылда 700-ден көшет отырғызу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, саябақтарды өңірдің климатына бейімделген гүлдейтін өсімдік түрлері - акация мен сирень көріктендіреді.

Саябақ аймақтары толығымен абаттандырылады: мұнда жаяу жүргіншілер жолдары, тас төсемелер, орындықтар мен самалжайлар - серуендеуге және отбасылық демалуға арналған кеңістіктер пайда болады, бұл ауылдық елді мекендердегі жалпы жайлылық деңгейін арттырады.
Іс-шараға Қосшағыл және Майкөмген ауылдық округтерінің әкімдері, KMG PetroChem ұжымы, сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен ауыл ақсақалдары қатысты.

Қатысушылар жаңа саябақ аймақтары тек аудандарды көгалдандыру мен абаттандыруға қосылған үлес қана емес, сонымен бірге ауылдардың мәдени өмірінің ажырамас бөлігіне айналатынына нық сенім білдіреді. Алдағы жылдары жайқалып өскен көшеттер айналаға жан бітіріп, аумақтарға ерекше жасыл рең мен көрік сыйлайды. Ал жаңа саябақ тұрғындар үшін тынығып, серуендеп, бос уақытын жайлы да жайдары өткізетін сүйікті мекенге айналмақ.
Жалпы, 2026 жылы KMG PetroChem 2000-ға жуық көшет отырғызуды: 1400-ін - жаңа саябақтар құру аясында, сондай-ақ Құлсарыдағы қалалық жағалауды көгалдандырып, 600-ге жуық қарағай отырғызуды жоспарлап отыр.

Компания қолға алып отырған жобалар тек индустриялық даму аясымен шектелмей, оның шекарасынан асып, қоғамның жан-жақты өркендеуіне жол ашатын ауқымды бастамаларға айналуда. Мұнай-газ химиясы кластерін қалыптастырумен қатар, компания өзінің қызмет ететін өңірін жүйелі түрде дамытуға инвестиция салуда — жаңа жұмыс орындарын ашудан және жергілікті мамандарды қолдаудан бастап, халықтың өмір сүру сапасын арттыру мен экологиялық әл-ауқатты жақсартуға дейін.
В Атырау -10