
Құрманғазы ауданында биылғы жылы мақ ерте гүлдеді. Дала өңірлері қызыл, сары гүлдерге тұнып тұр. Әсіресе, Діңғызыл, Шортанбай, Сафон, Жамбыл ауылдарының жолының бойы әсем гүлге толған.
Жергілікті адамдар осы әсемдікке қызығып, фото, видеоға түсіп жатыр. Мұндай кілемдей төселген әсем көрініс жыл сайын бола бермейді.
Аудандық "Серпер" газетінің редакторы Айнагүл Шакупованың айтуынша, биыл қыста қар жылдағыдан артық түсіп, көктем жауын-шашынға мол болды. Ылғалдың көп болғанынан болар биыл мак ерте гүлдеді.
- Әдетте аз шығатын, енді дала өңірі қып-қызыл гүлге оранып тұр. Түймедақ (ромашка) та жайқалып тұр. Мұндай әсемдікке қызықпау мүмкін емес, - дейді ол.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша бұл гүлдер 15-20 күн осындай әсемдігімен қанықтырып барып солып жоқ болады екен.
"АЖ" анықтамасы:
Мақ-биіктігі 20-90 см, қызыл, ақ, сары, қызыл болып келеді. Ол көбіне шілде-тамыз айында, болмаса климатына қарай нүлдейді. Оның піспеген қауашағынан шикізат алынса, піскен тұқымын тамаққа пайдаланады. Гүлдену уақыты, таңертең ерте ашылады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау -10