Атырау, 21 маусым 22:30
 дождьВ Атырау +28.7
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

​Қарағандыда ҰОС ардагерлеріне 5 млн теңгеден берілді

325 рет қаралды

Жеңіс күні қарсаңында Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 миллион теңгеден біржолғы төлем берілді. 

Қазіргі таңда өңірде алты ардагер бар: олардың бесеуі Қарағанды қаласында, біреуі Осакаров ауданында тұрады.

Жалпы әлеуметтік қолдау шараларымен облыстың 2,1 мыңнан астам тұрғыны қамтылды. Оның ішінде:

  • 2029 тыл еңбеккеріне – 100 мың теңгеден,
  • 33 концлагерь тұтқыны мен қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 200 мың теңгеден,
  • 89 қаза тапқан жауынгердің жұбайы мен жесіріне – 50 мың теңгеден төлем жасалды.

Сонымен қатар ардагерлер үшін шипажай-курорттық ем алу мүмкіндігі қарастырылып, шығындар жергілікті бюджет есебінен өтеледі.

5 мамыр, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.