
Қазақстанда Президент Әкімшілігінің басшылығы өзгерді.
Мемлекет басшысының жарлығымен Айбек Дәдебай атқаратын қызметінен босатылып, жаңа жұмысқа ауысты. Оның орнына Президенттің басқа жарлығымен Роман Скляр тағайындалды.
Роман Скляр Павлодар облысының тумасы, 8 мамырда 55 жасқа толады.
Еңбек жолын слесарь-монтажшы болып бастаған ол мемлекеттік қызметте түрлі лауазымдар атқарды.
Әр жылдары Мәжіліс депутаты, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болды.
2019 жылы вице-премьер, ал 2022 жылы Үкімет басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған.
В Атырау -10