Атырау, 5 мамыр 15:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15

Фейк-бейнеролик: 2 км/сағ үшін айыппұл салынбайды

109 рет қаралды

Әлеуметтік желілерде тараған «жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырса да айыппұл салынады» деген бейнеролик шындыққа сәйкес келмейді.

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің түсіндіруінше, жүргізушілерге қатысты жауапкершілік тәртібі өзгерген жоқ. Бұрынғыдай әкімшілік шара белгіленген жылдамдықты 10 км/сағ және одан жоғары асырған жағдайда ғана қолданылады.

8 мамырдан бастап күшіне енетін бірлескен бұйрық тек камералардың жұмыс тәртібіне қатысты. Құжат өлшеу дәлдігі мен рұқсат етілген қателік шегін нақтылайды, бірақ жүргізушілерге жаңа талап енгізбейді және айыппұл салу тәртібіне әсер етпейді.

Осылайша «сағатына 2 км/сағ асырғаны үшін айыппұл салынады» деген мәлімдемелер – фейк ақпарат.

Аталған жалған мәліметті таратқан Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ІІМ азаматтарды тек ресми дереккөздерге сүйенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырады.

Бүгін, 13:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.