Атырау, 30 мамыр 05:16
 дождьВ Атырау +13.8
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

Ақмолада залалданған күнбағыс тұқымдары анықталды

239 рет қаралды

Ақкөл аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі мемлекеттік инспекторы Ресейден әкелінген күнбағыс тұқымдарының залалданғанын анықтады.

Тексеру барысында Краснодар қаласынан 0,019 тонна көлемінде күнбағыс тұқымдары жеткізілгені белгілі болды. Сараптама нәтижесінде олардың карантиндік объект — күнбағыс фомопсисімен зақымданғаны анықталды.

Аталған өнімнің иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.

5 мамыр, 13:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.