
Шығыс Қазақстандағы Казцинк қорғасын зауытының электролиз цехында төтенше жағдай орын алды.
Балқыту бөлімінде шаң ұстау құрылғысы жарылып, кейіннен өрт шыққан.
Құтқарушылар келген кезде ашық жалын байқалып, өрт 120 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Алайда цехтың 220 шаршы метр аумағында құрылымдардың құлауы тіркелді.
Оқиға салдарынан 7 адам зардап шекті: олардың екеуі қаза тапты, екеуі ауруханаға жатқызылды, үш адамға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.
Апат орнында жедел штаб құрылып, салдарын жоюға шамамен 80 құтқарушы, 18 техника бірлігі, командалық-штабтық машина, ТЖМ дрондары, кинологиялық топтар және Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта үйінділерді аршу жұмыстары жүргізілуде.
Төтенше жағдай департаменті жедел желіні іске қосты: 8 (7232) 55-38-19.
В Атырау -10