Атырау, 5 мамыр 11:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15

ІІМ заңсыз қару айналымына қарсы күресті күшейтті

67 рет қаралды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын күшейтуді жалғастыруда, оның ішінде заңсыз айналымдағы қаруды тәркілеу жұмыстары да бар, - деп хабарлайды Polisia.kz.

- Жыл басынан бері 900-ден астам қару тәркіленді, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 74 қару бар. Сондай-ақ айналымнан төрт мыңнан астам оқ-дәрі алынған. 27-29 сәуір аралығында елде "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі өткізілді.

Үш күн ішінде 67 дана атыс қаруы және түрлі калибрдегі 200-ден астам оқ-дәрі тәркіленді. 27 сәуір күні Алматы қаласында полиция қызметкерлері Сайран көлінің жағасынан қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған қаруды анықтады. Ішкі істер министрлігі ескертеді: заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатады. 

Азаматтарды заңсыз сақталған қаруды тапсырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға шақырамыз, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Бүгін, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.