Атырау, 29 сәуір 15:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 457.21
€ 534.62
₽ 6.08

iPhone қолданушыларына ескерту: iCloud арқылы алаяқтық өршуде

100 рет қаралды

The Guardian басылымы хабарлағандай, алаяқтар iPhone иелерін зиянды сілтемелерге кіргізетін жаңа әдісті қолдана бастады.

Алаяқтар Apple компаниясының атынан электронды хат жіберіп, iCloud қоймасы толып қалғанын ескертеді. Хатта деректер жойылмауы үшін арнайы сілтемеге өту ұсынылады. Алайда ол сілтеме фишингтік сайтқа апарады.

Мамандардың айтуынша, мұндай хаттар ресми хабарламаға өте ұқсас. Себебі Apple шынымен де iCloud жады толғанда ескерту жібереді. Сонымен қатар алаяқтар «төлем өтпеді» немесе «банк картасының мерзімі аяқталды» деген жалған ақпарат таратады.

Алаяқтық хаттың белгілері:

  • күмәнді электронды пошта мекенжайы;
  • жедел әрекет етуге мәжбүрлеу;
  • мәтіндегі орфографиялық қателер.

Сарапшылар мұндай хабарламаларды елемеуге немесе бірден қажетсіз хат ретінде белгілеуге кеңес береді.

Бүгін, 13:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.