
Лесхоз ықшамауданында кәріз сулары жер бетіне шығып, тұрғын үйлердің маңына жайылып кеткен. Қазіргі уақытта ақаудың нақты себебі анықталған жоқ.
«Ақ Жайық» редакциясына тұрғындар қол қойған ұжымдық арыздарын жолдады. Олар мәселені Медеубаев көшесіндегі 22а үйдің ескі әрі күтімсіз жағдайымен байланыстырады.
Тозығы жеткен кәріз желілері ағынды суларды ұстай алмай қалған: лас су іргетастан шығып, сыртқа жайыла бастаған. Артынша жағымсыз иісі бар су аулаға тарап, көрші үйлерге дейін жеткен. Аула үнемі дымқыл әрі иісі мүңкіген жерге айналды. Мұндай жағдайда терезе ашу мүмкін емес, сыртта еркін жүру де қиын болып отыр.
Оқиғаның себебі әлі күнге дейін анықталған жоқ.
— Іргетастың шайылу қаупі қатты алаңдатып отыр. Мемлекеттік органдар әрекетсіз отыр. Келіп сорғызып кетеді, бірақ бұл шешім емес. Нақты ақауды тауып, жөндеу керек. Мүмкін, бір жерде су құбыры жарылған шығар, оны жауып, жөндеу қажет, — дейді тұрғындардың өкілі.
[GALLERY]
Жергілікті билікке бірнеше рет шағымданғанымен, нәтиже шықпаған. Сондықтан тұрғындар толық тексеріс жүргізіп, себепті анықтап, жауаптыларды анықтауды талап етуде.
Арыз қала әкімдігіне, облыстық энергетика және ТКШ басқармасына, экология департаментіне және санитартялық-эпидемиологиялық қызметке жолданған. Құжатта үйдің жалпы жағдайы да көтерілген. Олар жағдайға баға беріп, ақауды жоюмен қатар аумақты санитарлық тазалауды ұйымдастыруы тиіс. Құжатта сонымен бірге үйдің жалпы жағдайы да айтылған.
«Егер шара алынбаса, прокуратураға жүгінеміз», — делінген тұрғындардың арызында.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Лесхоз тұрғындары жолдаған суреттер мен видео
В Атырау -10