
Елордадағы EXPO халықаралық көрме орталығы алаңында «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» тақырыбымен ауқымды музыкалық флешмоб өтті.
Іс-шараға қала мектептерінен 2000-ға жуық оқушы қатысып, күйші-композитор Қаршыға Ахмедияровтың «Алтын ұя» күйін бір мезетте орындады.

Балалар домбыра, қобыз, қылқобыз, жетіген, сазсырнай, флейта және скрипка секілді ұлттық және классикалық аспаптарда ойнады. Флешмобқа өнер және музыкалық мектептердің, сондай-ақ жалпы білім беру ұйымдарының 10–16 жас аралығындағы тәрбиеленушілері қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» идеясын музыка арқылы жеткізу. Әртүрлі аспаптың үні бір арнаға тоғысып, елдің көпұлтты бірлігін бейнеледі.
Оқушылардың айтуынша, «Алтын ұя» күйін орындау туған жерге деген сүйіспеншілікті сезінуге мүмкіндік берген. Айта кетейік, бұл күй Отанға, туған жерге деген сағыныш пен махаббатты бейнелейтін туынды саналады.
В Атырау -10