Атырау, 2 маусым 03:14
 дождьВ Атырау +16.3
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

​Индонезиядағы пойыз апатында қаза тапқандар саны артты

361 рет қаралды

Индонезияның Батыс Ява провинциясында екі пойыздың соқтығысуы салдарынан қаза тапқандар саны 14-ке жетті. 

Antara News агенттігінің хабарлауынша, жарақат алғандарды Бекаси қаласындағы ауруханада президент Прабово Субианто барып көрді.

Мемлекет басшысы оқиғаға байланысты дереу тергеу басталғанын мәлімдеді. Ресми деректерге сәйкес, жарақат алғандар саны 84 адамға дейін өскен.

Апат Бекаси қаласында болған. Қала маңындағы пойыз станцияда күтіп тұрған кезде, алыс бағыттағы «Argo Bromo Anggrek» жүрдек пойызы соқтығысқан. Алғашқы мәліметтерде 4 адамның қаза тапқаны, 38 адамның жараланғаны хабарланған еді.

Бұл оқиға Индонезиядағы теміржол қауіпсіздігі мәселесін қайтадан күн тәртібіне шығарды.

28 сәуір, 13:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.