Атырау, 2 маусым 13:30
 дождьВ Атырау +15.1
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Үйінен шығып, атылып қалды

3 040 рет қаралды

15 қазан күні түнде Жылыой ауданы Қосшағыл ауылының 18 жастағы тұрғыны өз өміріне қол салды.

Аудандық ішкі істер бөлімінде ол хабар-ошарсыз кеткендердің тізімінде тіркеліп тұрған: 24 қыркүйек күні үйінен шығып, қайта оралмаған. Кейін оны ағайындары Жаңа-Қаратон ауылынан көріп, үйіне оралуын өтінеді. Алайда, бұл жігіт оларды танымайтынын айтады. Бұл оқиғаның соңы қайғылы аяқталды: алдын-ала болжам бойынша ол 15 қазан күні түнде Құлсары қаласы СМП-224 ықшам ауданындағы үйлердің бірінің маңында қолында болған бір ауызды шолақ мылтықпен өзінің ішіне оқ атқан.

Жылыой ауданы прокурорының аға көмекшісі Марат ЕРМЕКОВ хабарлағандай, бұл оқиға бойынша алдын-ала тексеру жұмыстары жүргізілуде. Мүрдеге сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА                                     

18 қазан 2013, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.