
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарымен бірлесіп, биыл наурыз айында Астана және Алматы қалаларында Қазақстан азаматтарының дербес деректерін заңсыз жинап, таратумен айналысқан адамдар тобының әрекетін тоқтатты.
Тергеу материалдарына сәйкес, күдіктілер заңсыз жолмен алынған ақпаратты интернет арқылы сатып келген. Сатып алушылар қатарында микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктердің кейбір өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болғаны анықталды.
Тінту барысында компьютерлік техника, электрондық ақпарат тасымалдағыштар, ірі көлемдегі ақша қаражаты және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 147-бабы (дербес деректерді заңсыз жинау және тарату), 208-бабы (заңсыз кәсіпкерлік) және 210-бабы (қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
В Атырау -10