
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың 40 жылдығына орай Рим папасы Лев XIV атом энергиясын тек бейбіт мақсатта пайдалану қажеттігін айтты, деп хабарлады Евронью́с.
Ол бұл үндеуін Ватикандағы Апостол сарайының терезесінен Әулие Петр алаңына жиналған жамағатқа жолдады.
Понтифик Чернобыль трагедиясының адамзат санасында өшпес із қалдырғанын атап өтіп, қуаты артып келе жатқан технологияларды қолданудағы тәуекелдерге назар аударды.
«Бүгін Чернобыль апатына 40 жыл толды. Бұл оқиға адамзатқа технологияларды қолданудағы жауапкершіліктің маңызын еске салады. Құрбандарды және зардап шегіп жүргендердің барлығын Құдайдың мейіріміне тапсырамыз. Шешім қабылдаудың барлық деңгейінде парасаттылық пен жауапкершілік басым болуы тиіс. Атом энергиясы тек өмір мен бейбітшілікке қызмет етуі керек», — деді Рим папасы.
Өз сөзінде ол жер ресурстарын талан-таражға салатын, соғыстарды өршітетін немесе қоғамға зиян келтіретін «ұрыларды» ұмытпауға шақырды. Оның айтуынша, мұндай әрекеттер адамзаттың тыныш әрі қауіпсіз болашағын ұрлайды.
В Атырау -10