Атырау, 27 сәуір 12:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14

Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды

Бейнежазба
83 рет қаралды

Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев Cтамбұлда өткен шотокан каратэден әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.

Спортшы WSF нұсқасы бойынша 16-шы әлем біріншілігінде 45–54 жас санатында (Shobu Ippon Kumite Open) өнер көрсетіп, турнир жолын еш жеңіліссіз аяқтады.

Sportdata турнирлік жүйесінің мәліметінше, М. Мурзиев өз тобындағы барлық жекпе-жектерде айқын басымдық танытқан. Алғашқы кездесуінде Англия өкілі Майк Линчті 2:0 есебімен жеңсе, келесі кезеңнен де дәл осындай есеппен мүдірмей өтті. Жартылай финалда атыраулық спортшы Кот-д’Ивуар елінен келген Франк Лоусонмен кездесіп, тағы да 2:0 есебімен басым түсті. 

Финалдық айқасты жеңіспен аяқтаған ол әлем чемпионатының алтын жүлдесін қанжығасына байлады.

Бұл додада Түркия, Әзербайжан, Ұлыбритания және Африка елдерінен жиналған мықты спортшылар бәсекеге түсті. 

Айта кетейік, Марат Мурзиев қазіргі уақытта Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарады, бұған дейін осы өңірдегі бірнеше ауданды басқарды.

Анастасия Шерстянкина

Бүгін, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.