
Сноуденнің айтуынша, ол барлық құпия құжаттарды Гонконгте жүрген кезінде журналистерге беріп кеткен, Мәскеуге олардың бір де бір көшірмесін әкелмеген. Ол бұған қоса құпия материалдарды "Қытай барлау қызметің қолына түсуден де сақтағанын" айтады. "Ресейдің, я Қытайдың бұл құжаттарды алуға еш мүмкіндігі жоқ" деген ол сұхбатында.
New York Times басылымы Сноуденмен сұхбат бірнеше апта бойына бірнеше бөліп жазып алынғанын айтады. Ол сұрақтарға интернет арқылы құпия таңбалармен жауап берген.
Басылымның жазуынша, АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігі Сноуденнің сұхбатта айтқандарына қатысты түсінік беруден бас тартқан.
Сноуден Ресейден биыл тамызда бір жылға баспана алған. АҚШ оны құпия құжаттарды ұрлады деп айыптап, Ресейден оны қайтаруды талап етеді.
Дереккөз: Азаттық радиосы
18 қазан 2013, 09:42