Атырау, 23 сәуір 16:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14

​9 жыл бұрын жоғалған Семей тұрғынының сүйегі Қазақстанның басқа жерінен табылды

Бейнежазба
80 рет қаралды

Ішкі істер министрлігі заманауи технологиялардың көмегімен өткен жылдардағы қылмыстарды ашу және хабар-ошарсыз кеткен қазақстандықтардың тағдырын анықтау барысы туралы баяндады. Осындай оқиғалардың бірінде анасы бірнеше жылдан кейін ұлының жоғалып кетуіне қатысты шындықты білуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомствоның мәліметі бойынша, 2017 жылы 27 жастағы ер адам Семей қаласынан шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған. Анасы полицияға жүгінгенімен, ол кезде оның жүрген жерін анықтау мүмкін болмаған. Уақыт өте келе Қызылорда облысында белгісіз адамның сүйек қалдықтары табылды. 

- Жүргізілген ДНҚ-сараптамалары мен заманауи криминалистикалық әдістердің нәтижесінде полицейлер марқұмның жеке басын анықтап, оны із-түзсіз кеткен азамат екенін растады, -  деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.                

Министрлікте атап өткендей, бұл – мұқият талдауды, айғақтарды қайта зерделеуді, деректерді салыстыруды және криминалистиканың заманауи мүмкіндіктерін қолдануды талап ететін күрделі әрі кезең-кезеңімен жүргізілетін жұмыс.

ІІМ баспасөз хатшысының айтуынша, бүгінде ІІМ-нің молекулалық-генетикалық зертханасының әлеуетінің арқасында ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар ондаған тұлға анықталды. Адам өлтіру және зорлау фактілері, соның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар ашылды. Аталған істер бойынша жедел-тергеу шаралары жүргізілуде, кейбір істер бойынша алғашқы сот үкімдері де шықты. Сондай-ақ ведомство хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды анықтауға ерекше назар аударады. 

Әрбір осындай деректің артында жедел уәкілдер, тергеушілер мен криминалистердің үлкен әрі мұқият еңбегі жатыр. Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу және хабар-ошарсыз кеткендердің тағдырын анықтау жұмыстары жалғасып келеді. Заманауи тергеу тәсілдері мен криминалистиканың мүмкіндіктері қылмыс жасалған уақытқа қарамастан, тұлғаларды анықтауға және қылмыскерлерді табуға мүмкіндік береді. Ешбір қылмыскер жазасыз қалмауы тиіс – бұл Заң мен Тәртіптің басты қағидаты, - дейді ІІМ мамандары. 
Бүгін, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.