
«Қазгидромет» синоптиктері 23 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады. Елдің ірі қалаларында нөсер жаңбыр, күн күркіреуі және екпінді жел күтіледі.
«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер
Астана: найзағай күтіледі.
Алматы: күндіз жаңбыр, найзағай, кешке кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Батыстан жел соғады екпіні 15-18 м/с.
Шымкент: жаңбыр, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, облыстың қиыр батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында түнде жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15–20 м/с.
Жетісу облысында күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі, облыстың таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Түнде таулы аудандарында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.
Жамбыл облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында түнде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.
Ұлытау облысында түнде жаңбыр, найзағай, бұршақ, күндіз облыстың шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.
Абай облысында күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.
Ақтөбе облысынның шығысында түнде 2 градус үсік күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде облыстың орталығында шаңды дауыл, дауыл күтіледі. Солтүстіктен соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.
В Атырау -10