
Әлеуметтік желіде Павлодар облысында әйел адамның қатыгездікпен өлтірілгені туралы ақпарат тарап жатыр.
Жарияланған мәліметтерге сүйенсек, мәйіт ферроқорытпа зауытынан бірнеше шақырым жерде, Ақсу қаласына қарайтын бағытта табылған. Кейбір хабарламаларда жәбірленушіге қатысты зорлық-зомбылық көрсетілуі мүмкін екені және денені өртеуге әрекет жасалғаны айтылады. Алайда, бұл мәліметтер әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Павлодар облыстық полиция департаменті орын алған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Ақсудағы әйел адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді ПД өкілдері.
Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның анық-қанығын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты істің басқа мәліметтері жария етілмейді.
>
В Атырау -10