
Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылғы 17 сәуірде №146 бұйрыққа қол қойды.
Құжатқа сәйкес, 21 сәуірден бастап алты ай мерзімге Қазақстан аумағына үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен жаңа тауық жұмыртқасын барлық көлік түрімен әкелуге тыйым енгізілді.
Тыйым транзиттік тасымалдарға және ЕАЭО елдері арасындағы жұмыртқа қозғалысына Қазақстан аумағы арқылы өткен жағдайда қолданылмайды.
Айта кетейік, бұған дейін 2025 жылғы желтоқсанда елде бір айлық шектеу енгізілген болатын.
В Атырау -10