Атырау, 22 сәуір 15:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 464.73
€ 546.57
₽ 6.19

​Ұлыбританияда Мандельсон төңірегіндегі ​жанжал Стармердің орнын шайқалта ма?

87 рет қаралды

Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер тағы да Қауымдар палатасында жауап беруге мәжбүр болды, деп хабарлайды BBC

Себеп — Лейбористік партияның ықпалды өкілі, Ұлыбританияның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Питер Мандельсонға қатысты жаңа деректер.

Жақында белгілі болғандай, Мандельсон елші қызметіне тағайындалмас бұрын қауіпсіздік тексерісінен өтпеген. Соған қарамастан, ол 2024 жылдың соңында Вашингтонға жіберілген. Бір жылдан кейін Эпштейнмен байланысы үшін отставкаға кеткені белгілі.

Стармер бұл тексеріс нәтижесі туралы хабарланбағанын айтып, жауапкершілікті Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жоғары шенеунігі Олли Роббинске жүктеді. Роббинс өткен аптада қызметінен босатылды.

Алайда оппозиция премьердің өзіне де отставкаға кету талабын күшейтті. Консерваторлар, либерал-демократтар, Reform UK және басқа партиялар Стармерді «ұлттық қауіпсіздікке қатысты қате шешім қабылдады» деп айыптап отыр.

BBC дерегінше, Мандельсонның өзі тексерістен өтпегенін білмеген. Ал парламенттік комитет жақын күндері құжаттарды жариялап, істің мән-жайын анықтамақ.

Қысқа мерзімде Лейбористік партия ішінде ашық наразылық байқалмағанымен, сарапшылардың айтуынша, жанжалдың жалғасуы Стармердің саяси позициясын әлсіретуі мүмкін.

Бүгін, 14:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.