Атырау, 1 маусым 01:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +33
$ 448.13
€ 478.33
₽ 5.58

Алмалы ауылы әкімдігінің ғимараты өртеніп кетті

7 481 просмотра

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін 11 сағат 45 минутта «101» кезекшісінің пультіне Махамбет ауданы Алмалы селолық округі әкімдігінің ғимараты өртеніп жатқандығы туралы хабарлама түскен.

Өртпен күреске 5 өрт сөндіру көлігі, «Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің жеке құрамындағы 25 адам, сондай-ақ, су құйылған 2 автоцистерналар жұмылдырылды. 13 сағат 14 минутта өрттің тұйықталғаны, ал сағат 14-те өшірілгені хабарланады. Қамыс қалқаннан салынған әкімдіктің ескі ғимараты түгі қалмай жанып кетті. Ғимаратта ауылдық кітапхана мен учаскелік полицейдің кабинеті де орналасқан болатын. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы деректер айтылмайды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

17 қазан 2013, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.