
Көкшетау қаласының соты 2026 жылғы 20 сәуірде «Қопа» көлі жағалауындағы құрылысқа бөлінген бюджет қаражатын жымқыру ісінде үш айыпталушыға жаза тағайындады.
Әкімдіктің ТКШ бөлімінің бұрынғы басшысы, техникалық қадағалау өкілі және мердігер ұйымның басшысы аса ірі мөлшерде алаяқтық, өкілеттікті асыра пайдалану және заңсыз алынған қаражатты жылыстату баптары бойынша кінәлі деп танылды.
Олар тиісінше 5 жыл 8 ай, 6 жыл 8 ай және 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
В Атырау -10