Атырау, 13 мамыр 23:21
 дождьВ Атырау +28.6
$ 463.91
€ 544.63
₽ 6.26

Павлодардағы ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты

362 рет қаралды

Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға туралы «Қазхром» ТҰК баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсіпорынның мәліметінше, жазатайым оқиға 20 сәуір күні орын алған. Металлды ұсақтау жұмыстарын орындау барысында ұсақтаушы өміріне қауіпті жарақаттар алып, көз жұмды. Оқиғадан кейін кәсіпорын мемлекеттік органдарға хабар беріп, тергеу амалдары басталды.

«Қазхром» компаниясы қаза тапқан жұмысшының отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ, компания туыстарына барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Болған жағдайдың нақты мән-жайы ресми тергеу барысында анықталады.

Бұған дейін, 2025 жылдың қыркүйек айында Ақсу ферроқорытпа зауытының үш қызметкері термиялық күйік алған болатын.


21 сәуір, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.