Атырау, 13 мамыр 23:21
 дождьВ Атырау +28.6
$ 463.91
€ 544.63
₽ 6.26

Екатеринбург – Астана рейсінде әскери киімдегі ер адам шу шығарды

405 рет қаралды

Екатеринбургтен Астанаға бағыт алған ұшақ бортында әскери киімдегі ер адам 2017 жылы туған жас хоккейшілерге тиісіп, балағат сөздер айтып, өзін агрессивті ұстаған. Ол мас болған деген болжам бар. 

Оқиға туралы журналист Михаил Козачков Екатеринбургтегі жарыстан Астанаға оралған балалардың ата-аналарына сілтеме жасап хабарлады. Олардың айтуынша, ұшақ ішінде әскери киімдегі ер адам жас спортшылардың мазасын алған.

Ол балағат сөздер айтып, ату қимылдарын жасап, балаларға «сендер ұйықтап жатқанда, мен соғыстым» деген сөздермен тиіскен және төбелес шығаруға тырысқан. Бұзақыны бортсеріктер мен команда жаттықтырушысы әрең тыныштандырған.

Көліктегі полиция департаменті аталған деректің тіркелгенін және соған сәйкес тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын растады.

21 сәуір, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.