Атырау, 13 мамыр 23:22
 дождьВ Атырау +28.6
$ 463.91
€ 544.63
₽ 6.26

СҚО-да 200-ден астам бір реттік синтетикалық есірткі дозасы тәркіленді

321 рет қаралды
gov.kz
gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарын заңсыз өткізді деген күдікпен азаматты ұстады. Күдікті – Ақмола облысының 23 жастағы жұмыссыз тұрғыны. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ол бір айға жетпейтін уақыт ішінде психотроптық заттарды "жасырын орындар" арқылы таратумен айналысқан.

Полицейлер күдіктіні Петропавл қаласындағы Набережная көшесінде ұстады. Тексеру барысында оның көзілдірік қорабынан ұнтақ тәрізді зат салынған 14 орама, сондай-ақ қалтасынан тағы 60 орама тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 64,1 грамм болатын α-PvP синтетикалық есірткісі екені анықталды. Нәтижесінде 200-ден 250-ге дейін бір реттік дозаның заңсыз айналымға түсуіне тосқауыл қойылды.

Медициналық куәландыру нәтижесі күдіктінің психотроптық заттарды қолданғанын көрсетті. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

20 сәуір, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.