
Полиция қызметкерлері алдын ала ойластырылған схема бойынша пәтер тонаған үш күдіктіні қолға түсірді. Олар Алматы облысынан келген және қала аумағында бірнеше рет ұрлық жасаған.
Тергеу барысында анықталғандай, ұрылар үй иелері болмаған кезде, көбіне түнгі уақытта ішке заңсыз кіріп, ақша мен алтын бұйымдарды қолды еткен. Жоспарды іске асыру үшін топ рация қолданған: бір-бірімен үздіксіз байланыста болып, рөлдерді бөлісіп, жағдайды бақылап отырған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция азаматтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.
В Атырау -10