Атырау, 20 сәуір 13:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 469.52
€ 553.75
₽ 6.15

Емі жоқ дерт: Қазақстанда құтырудан үш адам көз жұмды

118 рет қаралды

Өткен жылы Қазақстанда құтырудан үш адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл аурудың ең қауіпті тұсы – емінің жоқтығы. Симптомдар пайда болғаннан кейін құтқару мүмкін емес, нәтиже өлімге әкеледі.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің дерегіне сәйкес, 2024 жылы елде адам арасында құтыру жағдайы тіркелмесе, 2025 жылы бұл дерт үш адамның өмірін қиды. 

Ал жануарлармен байланыс көлемі өте үлкен: өткен жылы 60 мыңнан астам адам ит, мысық немесе жабайы жануарлардан жарақат алып, дәрігерге жүгінген. 2026 жылдың алғашқы үш айында ғана 14 мыңнан астам адам зардап шеккен. Биыл әзірге өлім жағдайы тіркелген жоқ.

Мамандардың айтуынша, құтыру – орталық жүйке жүйесін зақымдайтын аса қауіпті вирус. Оның алдын алудың жалғыз жолы – дер кезінде вакцинация алу. Жануар тістеген немесе тырнаған жағдайда:

  • Жараны мол сабынды сумен мұқият жуу керек.
  • Дереу жақын жердегі травмпунктке бару қажет.
  • Дәрігер белгілеген толық вакцинация курсын үзбей алу керек.

Сонымен қатар, үй жануарларын міндетті түрде егу, жабайы жануарлардан аулақ болу және олардың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аудару – трагедияның алдын алатын негізгі шаралар.

Бүгін, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.