Атырау, 20 сәуір 13:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 469.52
€ 553.75
₽ 6.15

Яна Легкодимованы өлтірген қылмыскерлер этапталды

115 рет қаралды

Янаны өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Алтынбек Катимов пен Ризуан Хайыржанов 19 сәуір күні таңертең Атырау қаласындағы тергеу изоляторынан арнайы колонияға жөнелтілді.

Дереккөздің айтуынша, сотталғандарға этап туралы бар болғаны бір сағат бұрын хабарланған. Олар басқа да жазасын өтеушілермен бірге арнайы вагонмен жеткізілген.

Бұған дейін олардың нақты қашан этапталатыны белгісіз болып келген. Сот үкімі шыққанына бірнеше ай өтсе де, олар тергеу изоляторында ұсталып келген. Марқұмның анасы Галина Легкодимова Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне олардың қай уақытта жазасын өтеуге жіберілетінін түсіндіруді сұрап, ресми хат жолдаған еді.

Атырау облысының ҚАЖ департаменті бұған дейін Ұлттық ұланның арнайы қарауылы бөлінетінін және заңға сәйкес этаптау жүргізілетінін хабарлаған болатын.

Қазір сотталғандар, дереккөздің хабарлауынша, өмір бойына бас бостандығынан айырылғандарға арналған мекемеге жқнелтілген.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.