Атырау, 20 сәуір 12:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 469.52
€ 553.75
₽ 6.15

Мүгедектігі бар адамдарға жұмыс ұсынатын жұмыс берушілер тізімі жарияланды

67 рет қаралды
gov.kz
gov.kz

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі шаралар іске асуда. Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс берушілер белгіленген квота шеңберінде азаматтардың осы санатын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді.

2026 жылы квота 2,6 мың жұмыс берушіге белгіленген және 16,7 мың жұмыс орнын көздейді. Бұл мүгедек азаматтар үшін жұмыс табудың, тұрақты табыс табудың және өздерінің кәсіби әлеуетін іске асырудың нақты мүмкіндіктері.

Квоталауға қатысатын жұмыс берушілердің тізбесі аудандар мен қалалар бөлінісінде электрондық еңбек биржасында жарияланды. Онымен сілтеме арқылы таныса аласыз:
https://www.enbek.kz/lsi/list/?lang=ru

Бұл қолайлы жұмыс берушілерді табуды жеңілдетеді және жұмыс іздеушілерге өз аймағында жұмыс нұсқаларын тезірек табуға мүмкіндік береді.

Жұмыс орындарын квоталау – жаңа жұмыс орындарын құрумен қатар, әрбір азаматтың еңбек етуіне және қоғамда өз орнын табуына мүмкіндік беретін инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ететін маңызды тетік.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдар үшін ақпараттың қолжетімділігін арттыруға, квотаның орындалуын мониторингілеу мен бағалау тетіктерін жетілдіруге, 50-ден астам қызметкері бар жұмыс берушілер үшін квоталардың автоматтандырылған есебін енгізуге баса назар аудара отырып, осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады. Бұл ретте мансап орталықтары тарапынан жұмыс берушілерге квоталанатын жұмыс орындарына кандидаттарды іріктеуде практикалық қолдау көрсетілетін болады.

Бүгін, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.