Атырау, 17 сәуір 19:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18

Тоқаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін маңызды шешімдерге тосқауыл қойғаны үшін сынады

67 рет қаралды
Тоқаевтың Токиодағы БҰҰ университетінде сөйлеген сәті
Тоқаевтың Токиодағы БҰҰ университетінде сөйлеген сәті

Антальядағы форумда сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның таптырмас әрі әмбебап ұйым болып қала беретінін, алайда оны реформалау туралы әңгімелердің айтылып келе жатқанына көп болса да, нақты өзгерістердің әлі де байқалмайтынын мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, дәл осы Қауіпсіздік Кеңесі БҰҰ-ны реформалау жолындағы негізгі кедергі болып отыр, деп хабарлайды ТАСС.

Президент сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қақтығыстардың немесе жаһандық сілкіністердің негізгі көзіне айналғаны туралы пікір білдірді. Оның бағалауынша, аталған органда өкілдік ететін ірі державалар халықаралық маңызы бар маңызды мәселелердің шешілуіне блок қойып, кедергі келтіруде.

Тоқаев халықаралық аренадағы орта және тіпті шағын мемлекеттердің көп жағдайда Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелеріне қарағанда жауаптырақ әрекет ететінін ерекше атап өтті. Оның сөзінше, бұл бүгінгі таңда дәл осындай елдердің жиі саяси жауапкершілік танытатынын көрсетеді.

Бесінші Анталья дипломатиялық форумы Түркияда 17-19 сәуір аралығында өтіп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық сын-қатерлер, халықаралық қауіпсіздік және әлемдік институттарды реформалау мәселелері талқыланатын осы іс-шараның қатысушылары қатарында.

Бүгін, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.