Атырау, 21 сәуір 13:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 469.49
€ 552.59
₽ 6.24

Атырауда екі күн ыстық су болмайды

261 рет қаралды

«Атырау жылу жүйелері» ЖШС  қала тұрғындарын уақытша ыстық су болмайтыны туралы ескертті. 

Мекеменің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 21-22 сәуір аралығында магистралды және тарату жылу желілерінде  гидравликалық тығыздық пен беріктікке жоспарлы сынау жүргізілетінін хабарлайды.  

Бұл күндері тұтынушыларғаыстық су беру уақытша тоқтатылады.

Мекеме өкілдері тұрғындарға өздерінің қауіпсіздігі үшін, механикалық жарақаттарды (жазатайым оқиғаларды) болдырмау үшін сынақтар өткізілетін кезеңде жылу құбырларына 10 метрден кем қашықтықта жақындамау, қауіпті аймақта балаларды, үй жануарларын, автокөлікті және басқа да жеке заттарды қараусыз қалдырмауды өтінді.

Су құбырларынан су ағып, құбыр жарылған жағдайда төменде көрсетілген телефондар бойынша дереу хабарлаған жөн: 99-43-07, 99-43-98, 32-22-58

Мекеме өкілдері осыған байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрайтынын жеткізді. 

17 сәуір, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.