Атыраулық Vivo балалар би ұжымы өз жетекшісі Каталина КАРВАРЕС-ЛЫСИКОВАМЕН бірге Алматыдан өткен қазақстандық «Тау күні» би байқауында құрметті үшінші орынды иеленді.
– Байқауға еліміздің түрлі өңірлерінен барлығы 20 ұжым қатысты, - деп әңгімелейді Каталина.– Жүлделі орын – керемет нәтиже еді. Шәкірттерім Зарина КАМЕТОВА, Малика ӘБДІЛҚАЙЫРОВА, Карина РАСУЛОВА, Георгий КАЛМЫКОВ, Мария ГУБАШЕВА және Олжас БАҚБЕРГЕНОВ сахнаға шығып, билей бастаған кезде кейбір қазылар алқасының мүшелері оларды бейнежазбаға түсіре бастады.
Балаларға кубок пен диплом табыстапты. Ең бастысы – балалардың алған жақсы әсерлері толастар емес.
Анастасия ПАСТУХОВА