Атырау, 17 сәуір 17:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18

​Құдықтан аққан қан түстес су Щучинск тұрғындарын шошытты

Бейнежазба
63 рет қаралды

Щучинскіде ішіне жылқы құлап өлген ашық құдық төңірегінде үлкен жанжал өршіп тұр. 

Жергілікті тұрғынның айтуынша, жануар қырылғаннан кейін ол мемлекеттік органдарға өлексені шығару туралы өтініш білдірген. Өйткені құдықтың жанында адамдар, соның ішінде балалар шомылатын су айдыны орналасқан. Алайда, әлеуметтік желідегі жарияланымда айтылғандай, құдықты жылқының өлексесімен бірге топырақпен көме салған.

Кейінірек желіде тағы бір бейнежазба пайда болды. Онда қазылған құдықтан қызыл түсті су ағып жатқаны көрінеді. Жазба авторы бұл жерде өткір жағымсыз иіс қолқаны қабатынын және ішінде биологиялық қалдықтар болуы мүмкін екенін алға тартады.

Бұл жағдайға Ақмола облысы бойынша Экология департаменті реакция білдірді. Ведомство жануардың өлексесін техникалық құдықтың ішіне топырақпен көму — ҚР Экологиялық кодексі мен биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату ережелерін өрескел бұзу болып табылатынын мәлімдеді. Экологтар өлексені тікелей топыраққа, әсіресе су айдындарына жақын жерге көмуге қатаң тыйым салынатынын қадап айтты. Мұндай әрекеттер судың ластануына және инфекциялардың таралуына тікелей қауіп төндіреді.

Департамент өкілдері биологиялық қалдықтарды жою, сондай-ақ ықтимал ыдырау аймағындағы судан сынама алу және талдау жүргізу мәселелері жергілікті атқарушы органдардың, санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық қызметтердің құзыретіне жататынын нақтылады. Сонымен қатар, ведомство мұндай бұзушылықтар үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 344-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Экология департаментінің ақпараты бойынша, қажетті материалдарды алуға сұраныс жолданды, қазіргі уақытта полиция тарапынан мәліметтер күтілуде.

Бүгін, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.