
«Каспий итбалығы» мемлекеттік табиғи резерватының дерегінше, 2026 жылғы 17 сәуірде сағат 11:00-дегі жағдай бойынша Түпқараған ауданының жағалауынан 97 өлі итбалық табылған. Мамандардың айтуынша, оларды жағалауға батыс желі айдап шығарған.
Оқиға орнына «Каспий итбалығы» мемлекеттік табиғи резерватының өкілдері, Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы, облыстық экология департаменті, полиция, ветеринарлық бақылау инспекциясы, гидробиология және экология институты, сондай-ақ Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығының мамандары барды.
Арнайы жұмыс тобы құрылып, өлі жануарлардан сынамалар алынады, олардың қырылу себебі анықталып, утилизация жұмыстары жүргізіледі. Институт мамандарының пікірінше, итбалықтардың қырылуы бір айдан астам уақыт бұрын болған, ал жағалауға оларды дауылды батыс желі енді шығарған болуы мүмкін.
Мониторинг жалғасуда, жағдай тұрақты бақылауда. Айта кетейік, 2025 жылы Каспий теңізінің қазақстандық жағалауынан 400-ден астам өлі итбалық табылған еді.
В Атырау -10