Атырау, 26 қазан 20:57
 дождьВ Атырау +14.8
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60

​Қарағандыда 5 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Бейнежазба
674 рет қаралды

Қарағанды облысында полиция жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 43 жастағы ер адам ұстады. 5 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер құпия орында бой тасалаған, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Аталған тұлға бопсалау қылмысы бойынша 5 жыл бойы халықаралық іздеуде болған. Алдын ала деректерге сәйкес, оның қала тұрғынын қорқытып, күш қолданып, 117 миллион теңге бопсалауға қатысы бар.  

– Арнайы операция Қарағанды қаласының аумағында, жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде жүргізілді. Тінту барысында полиция қызметкерлері арнайы жабдықталған жасырын орынды анықтап, іздеудегі күдіктінің сол жерде жасырынып жүргенін әшкереледі, – деді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетов. 

Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

16 сәуір, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.